Ахмет Жұбановтың 120 жылдығына арналған салтанатты концерт өтті
Ахмет Жұбановтың 120 жылдығына арналған салтанатты концерт өтті

Кеш барысында қазақ музыка өнерінің алтын қорына енген туындылар бір-бірімен сабақтасып, ұлттық мұраның көркемдік кеңдігін айқын көрсетті. Әр шығарма өзіне тән бояуымен орындалып, көрерменге ерекше әсер сыйлады.
 
Ахмет Жұбанов — «Қыз қуу» шығармасы скрипкашылар ансамблі орындауында шырқалса, «Ария» және «Ұмытпа» шығармаларын академиялық ән салу бөлімінің студенттері орындады.
 
Кештің соңын П. И. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің «Алатау жастар» хоры қорытындылады. Хор Абай Құнанбайұлының «Көзімнің қарасы» және «Домбыраға қол соқпа» шығармаларын орындады. Көркемдік жетекшісі және дирижері — мәдениет саласының үздігі Накибаева Зияда.
 
Бұл кеш ұлы сазгерлер мұрасына деген құрметті айшықтап, ұлттық өнердің рухани сабақтастығын жоғары деңгейде танытты. 
 

 

 

 

Share: