ІІ кәсіби конкурс «Music skills» аясында «Фортепиано» ПЦК-ның 3-курс студенттері өз шеберліктерін үш кезең бойынша көрсетті. Байқауға 5 студент қатысты.
І кезеңде қатысушылар өз мамандықтарын бейнеролик арқылы таныстырды.
ІІ кезеңде олар сұрақ парағын таңдап, қойылған сұрақтарға жауап берді.
ІІІ кезең екі бөлімнен тұрды: өлең оқу және концертмейстерлік шеберліктерін көрсету.
Студенттер жоғары дайындық деңгейін, шығармашылық қабілеттерін және кәсіби шеберліктерін көрсете білді.
Байқау қорытындысы бойынша:
І орын – Цхе С., Гайчуков С.
ІІ орын – Қырықбай А.
ІІІ орын – Карташова В.
Қатысқаны үшін Калымова А. дипломмен марапатталды.
Барлық қатысушыларды құттықтаймыз! Шығармашылық табыстар тілейміз.