Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, композитор әрі әнші Ескендір Хасанғалиев атындағы IV Республикалық вокалистер байқауының салтанатты жабылу кеші жоғары деңгейде өтті
Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, композитор әрі әнші Ескендір Хасанғалиев атындағы IV Республикалық вокалистер байқауының салтанатты жабылу кеші жоғары деңгейде өтті

Петр Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжі мен «Хасанғалиев әлемі» мәдениетті қолдау қоры ұйымдастыруымен өткен Қазақстан Республикасының халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, композитор әрі әнші Ескендір Хасанғалиев атындағы IV Республикалық вокалистер байқауының салтанатты жабылу кеші жоғары деңгейде өтті. ????
Байқау жеңімпаздары
Дипломанттар (әрқайсысына 70 000 теңге ақшалай сыйлық)
* Өмірбеков Мағжан — П.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжі, Алматы қаласы. Ұстазы: Еділ Муханбеталиев
* Серік Даира — Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық жоғары колледжі. Ұстазы: Гүлфариза Зиядинова
* Исак Мұхтархан — Шымкент қалалық Саз колледжі. Ұстазы: Жұмабек Қантарбаев
ІІІ орын иегерлері (әрқайсысына 100 000 теңге ақшалай сыйлық)
* Умирбеков Дияр — П.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжі. Ұстазы: Еділ Муханбеталиев
* Бауржанқызы Ақжан — Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық жоғары колледжі. Ұстазы: Жадыра Белгібаева
* Келгенбай Әли — Жүсіпбек Елебеков атындағы Республикалық эстрада-цирк колледжі. Ұстазы: Мақсат Саматов
* Қыдырханов Бейбарыс — Ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесі. Ұстазы: Еркеш Камзина
Сонымен қатар, Қыдырханов Бейбарыс Еуразиялық мәдениет қоры президенті Ерұлан Мұсаханұлы Қанапьяновтың қолдауымен арнайы сыйлық Ескендір Хасанғалиевтің романсын үздік орындағаны үшін табысталды.
ІІ орын иегерлері (әрқайсысына 200 000 теңге ақшалай сыйлық)
* Қайырбекова Ақерке — П.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжі. Ұстазы: Гүлзат Даурбаева
* Қадырбек Азат — Жүсіпбек Елебеков атындағы Республикалық эстрада-цирк колледжі. Ұстазы: Айдос Бегім
* Салқымбек Мейрамбек — П.Чайковский атындағы Республикалық музыкалық колледжі. Ұстазы: Сьезбек Өртқали
І орын иегерлері (әрқайсысына 300 000 теңге ақшалай сыйлық)
* Смагулов Арман — Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің жанындағы колледжі. Ұстазы: Нұркей Роза
* Темирова Ақнұр — Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық жоғары колледжі. Ұстазы: Байсейтова Самал
Байқаудың жоғары деңгейде өтуіне үлес қосқан әділқазылар алқасына арнайы алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды.
 
Барша жеңімпаздар мен жетекшілерді шын жүректен құттықтаймыз! Өнерлеріңіз өркендеп, шығармашылық шабыттарыңыз арта берсін! 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Share: