Ақтөбе қаласында өткен «Жұбанов көктемі – 2026» халықаралық хор музыкасы фестивалі қазақ кәсіби музыка өнерінің негізін қалаушы, көрнекті композитор Ахмет Жұбановтың 120 жылдығына арналған музыкалық апталық аясында ұйымдастырылды.
Фестивальге жалпы саны 15 шығармашылық ұжым қатысты:
▫️ А категориясы (кәсіби хорлар) — 3 ұжым
▫️ В категориясы (университет хорлары) — 4 ұжым
▫️ С категориясы (колледж хорлары) — 8 ұжым
П. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің «Choir Pop» эстрадалық хор ұжымы С категориясы бойынша қатысып, Бас жүлдені жеңіп алды!
Ұжым мүшелері мен жетекшілерін зор жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз! Шығармашылық табыс пен жаңа жеңістер тілейміз!