Студенттер паллиативтік көмек орталығында концерттік бағдарлама ұсынды
Студенттер паллиативтік көмек орталығында концерттік бағдарлама ұсынды

15 наурыз – Қайырымдылық жасау күніне орай П. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжі студенттері Алматы қалалық паллиативтік көмек орталығына барып қайтты.
 
Іс-шара барысында студенттер онкологиялық дертпен күресіп жатқан жандарға арнап концерттік бағдарлама ұсынып, көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Ән мен өнер арқылы жүректерге жылулық ұялатып, үміт отын сыйлауға тырысты.
 
Бұл кездесу баршамызға өмірдің қадірін тереңірек сезіндіріп, мейірім мен жанашырлықтың маңызын тағы бір мәрте ұқтырды.
 
Жақсылық жасау – әрдайым жүректен 
 

 

Share: