Эстрадалық хор, вокалдық және джаз ансамбльдерінің есеп беру концерті өтті
Эстрадалық хор, вокалдық және джаз ансамбльдерінің есеп беру концерті өтті

Бүгін колледжімізде эстрадалық хор, вокалдық ансамбль және вокалды джаз ансамблі пәндерінің есеп беру концерті өтті.
Концерт барысында студенттер әртүрлі жанрдағы шығармаларды орындап, көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Кеште неміс композиторы Людвиг ван Бетховеннің “Joyful, Joyful” шығармасы, қазақтың халық әні «Бипыл», «Мұңайма» әні және Алан Менкеннің «Aladdin» мультфильмінен “Friend Like Me” туындысы хормен орындалды.
 
Хор жетекшілері: Тілеген Нұрдәулет және Рысқали Дәулетжан.
 
Кештің 14 наурыз – Көрісу күнімен тұспа-тұс келуі көрермендер мен студенттердің жылы жүздесіп, өнер арқылы қауышқан әсерлі сәтіне айналды. 
 
 
 

 

 

 

Share: