Петр Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжі, дене шынықтыру пәні мұғалімі Наданбаев Дулат Букейленұлын еске алуға арналған футбол жарысы
Петр Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжі, дене шынықтыру пәні мұғалімі Наданбаев Дулат Букейленұлын еске алуға арналған футбол жарысы

Петр Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжі, дене шынықтыру пәні мұғалімі Наданбаев Дулат Букейленұлын еске алуға арналған футбол жарысы өз мәресіне жетті. Бір күнге созылған доп додасына колледжіміздің 7 құрамасы қатысты.
1 орын Эстрадалық вокал;
2 орын Қазақ халық аспаптары 4курс;
3 орын Қазақ халық аспаптары 3курс студенттері иеленді.
Барша жүлдегер командаларға диплом, естелік медаль, кубок және қаржылай сыйлықтар табыс етілді. Осындай доп додасын ұйымдастырушы "Жалпы білім беру" бөліміне, сондай-ақ дене шынықтыру пәні мұғалімдері Ержан Айбек Ерланұлы, Ильясов Арман Ильясұлына алғыс айтамыз.
Сонымен қатар бүгінгі доп додасында спорт алаңымен қамтамасыз еткен А.Жұбанов атындағы РҚМММИ директоры Әшіров Н.Н. алғысымызды айтамыз.
Барша жеңімпаз командаларға жеңістеріңіз  құтты болсын дегіміз келеді. Жеңісті күндерде жолыққанша.
Спортивные соревнования по футболу, посвященные памяти преподавателя физкультуры Алматинского музыкального колледжа имени Петра Чайковского Наданбаева Д.Б., завершились. Среди  принявших участие 7 команд  призовые места распределились следующим образом:  1 место завоевали студенты отделения "Эстрадный вокал", 2 место - 4 курс "Казахские народные инструменты", 3 место - 3 курс "Казахские народные инструменты". Победителям были вручены дипломы, памятные медали, кубки и денежные вознаграждения.  Благодарим организаторов соревнований - ПЦК " Общеобразовательные дисциплины, в частности, преподавателей физкультуры Ержан А.Е., Ильясова А.И. Также выражаем огромную благодарность директору РКССМШИ им. А. Жубанова Аширову Н.Н. за предоставление спортивной площадки.

 

Share: