2026 жылдың 12 наурызында П. И. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінде «Жаңа Қазақстан – жаңару мен даму жолы» атты дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараның мақсаты – 2026 жылғы Конституциялық өзгерістердің мәнін түсіндіру, студенттердің құқықтық мәдениетін қалыптастыру және «Адал азамат» бағдарламасы аясында азаматтық жауапкершілікті дамыту.
Дөңгелек үстелге колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Рахымбаева Гульнара Базарбаевна, жалпы білім беретін пәндер бөлімінің оқытушылары және «Хорды дирижерлау» бөлімінің 4-курс студенттері қатысты.
Кездесу барысында Конституциядағы жаңа өзгерістердің маңызы талқыланып, оның еліміздің жаңаруына, әділетті қоғам құруға және азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтуге бағытталғаны атап өтілді.
Жаңа Конституция әділеттілік, заң үстемдігі және тәртіп қағидаттарын негізге ала отырып, мемлекеттің одан әрі дамуына берік негіз қалайды.