П. Чайковский атындағы Алматы музыка колледжінде «Көшпенділер әуені» фольклорлық ансамблінің «Ұрпақтар сабақтастығы» атты концерті өтті.
Халықаралық аналар мерекесіне арналған бұл кеште халқымыздың дәстүрлі ән-күйлері мен классикалық шығармалар орындалып, көрермендерге ерекше рухани әсер сыйлады.
Концертке белгілі өнер майталмандары – ҚР еңбек сіңірген қайраткері, профессор Билал Ысқақов, «Құрмет» орденінің иегері, профессор Төледберген Тоқжанов, республикалық конкурстардың лауреаты Дәурен Раев, халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты Самат Қарабаллаев және республикалық конкурстардың лауреаты Айдын Жүнісов құрметті қонақ ретінде қатысты.
Ансамбльдің көркемдік жетекшісі – ҚР мәдениет қайраткері, профессор Зәмзәгүл Измұратова.
Ұлттық өнер мен дәстүрдің сабақтастығын дәріптеген бұл концерт көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.