8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай колледжімізде мерекелік концерт өтті. Кеш көтеріңкі көңіл күй мен әсем әуенге толы болып, көрермендерге ерекше әсер сыйлады.
Мерекелік кеште П. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің директоры Біржан Хасанғалиев құттықтау сөз сөйлеп, «Анаға сәлем» әнін орындады.
Концерт барысында студенттер аналарға, аруларға және ұстаздарға арнап жүрекжарды әндерін тарту етті. «Алатау» хоры «Су тасушы қыз» әнін орындап, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
Сондай-ақ колледжіміздің түлегі, The Voice Kazakhstan жобасының финалисі Жорабек Диас «Дайдидау» әнін орындап, мерекелік кештің көркін аша түсті.
Мерекелік кеш барысында колледж ұстаздарына гүл шоқтары табысталды. Концерт көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлап, әйел-аналарға деген құрмет пен алғыстың айқын көрінісіне айналды.