Кеңес Дүйсекеевтің 80 жылдығына орай мерекелік кеш ұйымдастырды
Кеңес Дүйсекеевтің 80 жылдығына орай мерекелік кеш ұйымдастырды

Эстрадалық ән салу бөлімі композитор Кеңес Дүйсекеевтің 80 жылдығына орай мерекелік кеш ұйымдастырды.
 
Кеңес Дүйсекеев — қазақ эстрада өнерінің көрнекті өкілі, әуенімен талай жүректі тербеткен талантты композитор. Оның шығармалары — махаббат пен сағыныштың, өмір мен үміттің әуезді көрінісі.
 
Кеш барысында Нұрланұлы Ақылбек «Өкінбе сен» әнін әсерлі орындап, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Ал «Ғашықтар жыры» дуэтін Абылай мен Елдана нәзік сезіммен, үйлесімді орындап шықты.
 
Сондай-ақ «Өмір-өмір», «Ойлайсың ба сен?» сынды танымал туындылар шебер шырқалып, туған жер мен ана тақырыбындағы әндер кештің мазмұнын тереңдете түсті.
 
Бұл кеш — бір дәуірдің әндерін жаңғыртып, композитор мұрасына тағзым еткен рухани сәт болды

 

 

 
 

 

 

Share: