П.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінде «Адал азамат» бағдарламасы аясында оқушылардың белсенділігін арттыру, әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыру және ойлау қабілетін шыңдау мақсатында «Қазақша Quiz» интеллектуалды ойыны өтті.
Аталған шараға колледждің қазақ халық аспаптар бөлімі, хорды дирижерлеу бөлімі және академиялық ән салу бөлімдері студенттерінен құралған 4 команда өзара бақ сынасты.
Ойын 5 кезеңнен тұрды. Қатысушылар жалпы қоғамдық оқиғалар, жаңалықтар, медиа тақырыптары, ұлттық құндылықтар, логикалық сұрақтар білімдері мен тапқырлықтарын көрсетті.
«Қазақша Quiz» барысында командалар ұйымшылдық, жылдам ойлау, нақты жауап беру қабілеттерін танытты. Ойын тек білім сайысы ғана емес, сонымен қатар достық қарым-қатынасты нығайтып, студенттердің бір-біріне деген құрметін арттырған тәрбиелік мәні зор шара болды.
Іс-шара соңында белсенді қатысқан командалар марапатталып, жеңімпаздар анықталды.