Петр Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінде Алмалы ауданы ПБ ККБ 1 ЮПБ учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Утебаева Мадина Джумакожаевна 1–2-курс студенттерімен «Пиротехникалық заттарды қолданбау және қауіпсіздік шараларын сақтау» тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Кездесудің мақсаты – пиротехникалық заттарды қолданудың қауіптілігін түсіндіру, адам өмірі мен денсаулығына келетін зиянның алдын алу, қауіпті жағдайлардың туындауына жол бермеу және қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажеттілігі жөнінде ақпарат беру.
Түсіндірме барысында пиротехникалық бұйымдардың түрлері, оларды дұрыс пайдаланбау салдарынан болатын жарақаттар мен өрт шығу қаупі, сондай-ақ қоғамдық орындарда қолдануға тыйым салынатыны туралы кеңінен мәлімет берілді.