Петр Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінде Алмалы ауданы ПБ ККБ 1 ЮПБ учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Утебаева Мадина Джумакожаевна және Алматы қаласы ПД Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі, полиция аға лейтенанты Расылхан Батырхан Айдарханұлы 1-курс студенттерімен «Интернеттегі қауіпсіздік және кәмелетке толмағандардың құқықтық жауапкершілігі» тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасының әкімшілік және қылмыстық кодекстерінің негізгі баптары түсіндіріліп, интернеттегі алаяқтықтан сақтану жолдары айтылды.
Сонымен қатар темекі шегу, құрамында спирт бар сусындар мен есірткі заттарының алдын алу, қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау ережелері, сондай-ақ қылмыстық жауапкершілік жасы мен жаза түрлері жөнінде маңызды ақпарат берілді.
Мұндай кездесулер студенттердің құқықтық сауаттылығын арттырып, қауіпсіз орта қалыптастыруға ықпал етеді.