Наукешова Жеміс Ғаппаровна 1990–2025 жылдар аралығында П. И. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінде кітапханашы болып қызмет атқарып, бақандай 35 жыл ғұмырын осы білім ордасына арнады.
Ұзақ жылғы адал еңбегі бағаланып, ресми түрде «Еңбек ардагері» атағына ие болды.
Кітапхананың қыр-сырын жетік білетін, кітап әлемін әр студентке жүрекпен таныстыра білген жан. Біздің колледжге 35 жылдық ғұмырын арнаған Жемис Гаппаровна колледж директоры Біржан Ескендіровтің алғыс хатымен марапатталды.
Тіпті зейнетке шықса да, ол өз кәсібін сүйіспеншілікпен жалғастырып, кітапхана ісіне қызмет етуді жалғастыруда.
Сізге шексіз алғыс пен зор құрмет!
Жаңа өмір кезеңі шаттыққа, денсаулыққа және бақытқа толы болсын!