16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне арналған «Желтоқсан жаңғырығы» атты салтанатты жиын жоғары деңгейде өтті
16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне арналған «Желтоқсан жаңғырығы» атты салтанатты жиын жоғары деңгейде өтті

Кеш барысында ұлттық рух пен азаттықтың асқақ үні әуенмен өрілді.
Концертте домбырашылар мен қобызшылар ұлттық аспаптарда өз өнерлерін көрсетіп,
көрерменге рухани әсер сыйлады.
Сонымен қатар, баян аспабында орындалған «Адай» күйі көрерменге ерекше әсер қалдырды.
 
Толеген Мухамеджановтың «Заман-ай» әні
Академиялық ән салу бөлімінің 4-курс студенттері жоғары дәрежеде орындап,
көрерменнің есінде ерекше қалды.
 
Кештің қорытындысында Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекен» әні шырқалды.
Бұл әнді солист, Нұрсұлтан Назарбаев қорының стипендианты Анатолий Богатырев орындап,
көрермендер орындарынан тұрып, бірге қосыла шырқады.
 
✨ Ұлт рухын асқақтатқан, бірлік пен елдікке үндеген әсерлі кеш болды.
Біз үшін Тәуелсіздік – туған елге деген махаббат пен еркіндіктің символы,
сол үшін әр күнді мақтанышпен қарсы алуымыз керек.

 

 

Share: