Евразиялық мәдениет қорының арнайы стипендиясына ие болды
Евразиялық мәдениет қорының арнайы стипендиясына ие болды

Евразиялық мәдениет қоры мәдени ынтымақтастықты дамытуға, ұлттық мұра мен дәстүрлерді дәріптеуге бағытталған бастамаларымен кеңінен танымал. Қордың басты мақсаттарының бірі – мәдениет саласындағы жас дарындарды қолдау.
 
Осы орайда, колледжіміздің қоғамдық өміріне белсенді араласып, оқу мен шығармашылықты қатар алып жүрген студентіміз Байноғай Дамина халықаралық және республикалық конкурстар мен олимпиадалардағы жоғары жетістіктері үшін Евразиялық мәдениет қорының арнайы стипендиясымен марапатталды.
 
Жетістігің құтты болсын! Алдағы уақытта да биік белестерді бағындыра беруіңе тілектеспіз! 
 
 
 
 

 

Share: