Бүгін колледжіміздің талантты студенттері Тәуелсіздік күніне арнап рухты, мазмұнды музыкалық бағдарлама ұсынды
Бүгін колледжіміздің талантты студенттері Тәуелсіздік күніне арнап рухты, мазмұнды музыкалық бағдарлама ұсынды

Бүгін колледжіміздің талантты студенттері Тәуелсіздік күніне арнап рухты, мазмұнды музыкалық бағдарлама ұсынды. Қазақ даласының үні, ұлттық саздың қуаты мен жас өнерпаздардың орындаушылығы көрермен жүрегіне жол тартты.
✨ Жас өнерпаздарымыз Тәуелсіздік күнін ұмытпай, осы атаулы күнге арнайы концерт дайындап, елдік рухты дәріптеді.
 
концертте
 • Е. Брусиловский – «Экспромт»
Абылайхан Мұсабек әсерлі орындап шықты.
Халық әні «Ақбакай»
Дамина Байногай фортепианода ерекше нақышпен жеткізді.
Абылайхан Мұсабек & Амир Қырықбай – Ә. Абдинұров «Folk online»
дуэт болып екеуі фортепианода керемет ойнады.
 
Музыка — ел рухын асқақтатар күш. Бұл кеште орындалған әрбір шығарма Тәуелсіздіктің қадірін, ұлттық өнердің биіктігін сездірді.
 
✨ Біздің студенттерге шабыт, биік белес, өнер жолында жарқын жетістіктер тілейміз!
Елге қызмет ету — ең үлкен мәртебе.
 
Тәуелсіздік күні құтты болсын! Береке мен бірлік, жарқын болашақ біздің елмен бірге болсын!
 

Share: