П. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінде V колледжішілік педагогикалық шеберлік конкурсы өтті!
П. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінде V колледжішілік педагогикалық шеберлік конкурсы өтті!

Бұл байқау — жас педагогтар мен тәжірибелі ұстаздардың кәсіби шеберлігін, жаңашыл әдістерін және шығармашылық ізденісін танытатын маңызды шара болды. Қатысушылар өз тәжірибесін, кәсіби көзқарасын және тың идеяларын жоғары деңгейде көрсетті.
Байқау жеңімпаздары
 
I орын – Манашов Сабыржан Сейтахунович
«Рақ Мұқам» 1-дастаны «Мәрғұл» шығармасын кәсіби деңгейде орындады.
 
II орын – Жиынбеков Уласкан Бостандыкович
М. Конттың «Вечер» шығармасын бас кларнетте орындау ерекшеліктерін таныстырып, өз тәжірибесін ұсынды.
 
III орын – Айтжанова Анель Дауреновна
Сапалы вокалдық дыбысты қалыптастырудағы дикция мен артикуляцияны жетілдіру бойынша жұмыстарын қорғады.
 
Қатысқаны үшін грамотамен марапатталғандар
 
• Мукашева Венера Зайтбековна
Ф. Допплердің «Анданте и Рондо» шығармасындағы техникалық қиындықтармен жұмыс жүргізу әдістерін таныстырды.
 
• Тулешев Жанбол Толеуович
Голосовые зажимдарды жою және жоғары ноталарды еркін орындау тәсілдерін көрсетті.
 
• Ишмухаметова Розалия Габдрашитовна
Гамма, арпеджио және қысқа пассаждарды орындауда бірінші саусақты ауыстыру техникасын тәжірибе жүзінде ұсынды.
 
• Байнеш Гауһар Жеңісқызы
Ф. Шопен этюды Op.10 №1-ді меңгеруде метрономдық темпті кезеңдеп дамыту әдісін таныстырды.
 
• Ракишев Абай Хайрберлиевич
Дирижерлік штрихтарды қолдану ерекшеліктері бойынша жұмысын ұсынды.
 
• Смайлова Роза Адыкеновна
Ән айтудағы дұрыс тыныстың маңызын тәжірибемен көрсетті.
 
• Сакышова Гульнара Капасовна
Ән айту алдында дауыс аппаратын босату тәсілдерін тиімді түрде ұсынды.
 
Барлық қатысушыларға шығармашылық табыс, шабыт және жаңа жетістіктер тілейміз! Колледж педагогтері кәсіби дамуға бағытталған мұндай шараларға әрқашан дайын.
 
 
 
 
 
 
 

 

 

 

 

 

Share: