2 желтоқсан күні Орал қаласындағы Құрманғазы атындағы музыкалық колледжде Алматы қаласы Петр Чайковский атындағы музыкалық колледждің Халық аспаптары бөлімінің оқытушысы тәжірибе алмасу мақсатында шеберлік сабақ өткізді.
Шара барысында бас қобыз бөлімінің педагог-шебері, Мәдениет саласының үздігі Бақытжан Дүйсенбаев жас музыканттарға орындаушылық ерекшеліктерді, кәсіби әдіс-тәсілдер мен лайфхактарды ұсынды.
Орал қаласында өткен бұл кездесу студенттер үшін тәжірибе алмасуға, сахналық дағдыларын жетілдіруге және жаңа шығармашылық серпін алуға мүмкіндік берді.
Колледж оқытушылары тәжірибе бөлісуге әрдайым ашық, жас музыканттарды қолдауға дайын.