Елордада күні кеше ғана “Дарын” мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттарын марапаттау рәсімі өтті
Елордада күні кеше ғана “Дарын” мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттарын марапаттау рәсімі өтті

Елордада күні кеше ғана “Дарын” мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттарын марапаттау рәсімі өтті. Сыйлық мәдениет, ғылым, медиа және спорт саласында жоғары жетістіктерге жеткен 20 жас дарынға табысталды. 
Олардың қатарында П.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің Студенттік симфониялық оркестрдің жетекшісі және дирижеры, дирижерлау пәнінің оқытушысы ШНАРОВ АЗАМАТ АСЫЛБЕКҰЛЫ марапатталды. 
Шын жүректен құттықтаймыз! Шығармашылық табыстар тілейміз! Өнер жолындағы өрлеуіңіз бен жаңа биіктерді бағындыруыңызға тілектеспіз. Қазақ музыкалық өнерін дамытуға қосып жүрген үлесіңіз қашан да бағалы!
 

 

 

 

Share: