11 қараша күні П. И. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінде ететін әйгілі “Forte Trio” ансамблінің концерті өтті
11 қараша күні П. И. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінде ететін әйгілі “Forte Trio” ансамблінің концерті өтті.
Концерт барысында трио классикалық және заманауи туындыларды жоғары деңгейде орындап, көрерменге ерекше музыкалық әсер сыйлады.
Ансамбль мүшелері — Мағсат Джусупов (скрипка), Мұрат Нарбеков (виолончель) және Тимур Урманчеев (фортепиано) — тек өнер көрсетіп қана қоймай, өздерінің бай тәжірибесі мен шеберлік құпияларын бөлісті.
Концерттен кейін 3–4 курс студенттеріне арналған шеберлік сабағы (мастер-класс) өтті. Студенттер кәсіби орындаушылардан баға жетпес кеңес алып, орындаушылық мәдениетті терең меңгеруге мүмкіндік алды. Келген көрермендер мен студенттер концерттен керемет әсер алып, ұжымның жоғары кәсіби деңгейіне ризашылықтарын білдірді.