П. И. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінде әр апта сайын дәстүрге айналған «Дәстүрлі жұма» айдары жалғасуда
П. И. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінде әр апта сайын дәстүрге айналған «Дәстүрлі жұма» айдары жалғасуда

П. И. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінде әр апта сайын дәстүрге айналған «Дәстүрлі жұма» айдары жалғасуда.  Бұл күні колледждің оқытушылары мен студенттері ұлттық нақыштағы киім үлгілерін киіп, ата-баба мұрасын дәріптеуді дәстүрге айналдырған. 
 
Ұлттық киімді ұмытпай, оны заманауи стильде үйлестіріп кию – бүгінгі жастар үшін сән мен рухтың жарасымы.
Осы бастама арқылы колледж ұжымы ұлттық киімді заманауи трендке айналдыруды көздейді. Игі шара – жастардың бойында ұлттық сана мен рухани құндылықтарды қалыптастырып, мәдени мұраға деген сүйіспеншілікті арттыруға бағытталған. 
 
 
 
 

 

Share: