П. И. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің студенттері 7 қараша күні Ганди саябағына барып, тұрғындарға тәттілер таратты
П. И. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің студенттері 7 қараша күні Ганди саябағына барып, тұрғындарға тәттілер таратты

П. И. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің студенттері 7 қараша күні Ганди саябағына барып, тұрғындарға тәттілер таратты.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жастарды ізгі амалдарға баулу, адамдардың жүзінде күлкі мен жылылық сыйлау, жұма күні кішкентай болса да жақсылық жасауға үндеу болды.
 
Студенттер саябаққа келген азаматтарға тәттілер ұсынып, оларға сәттілік пен жақсы көңіл күй тіледі. Мұндай шаралар студенттердің адамгершілік қасиеттерін арттырып, қоғамда мейірім мен ізгілікті насихаттауға бағытталады.
 
 
 

 

Share: