«Биз сеғинған нахшилар» («Сағынышқа айналған әндер») атты концерт өтті
18 қазан күні ұйғыр халқының танымал өнер иесі, композитор Зейнуллам Сетековтың туғанына 90 жыл толуына арналған «Биз сеғинған нахшилар» («Сағынышқа айналған әндер») атты концерт өтті.
Мемлекеттік Құдыс Қожамьяров атындағы Ұйғыр музыкалық комедия театры ұйымдастырған бұл шараға
П. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің студенттері белсене қатысты.
Театрдың көркемдік жетекшісі Фархадбек Қанафин мен бас дирижёр Ялкун Азизов колледжге арнайы келіп, концертке қатысқан студенттерге театр басшысы Д. Бахаровтың алғыс хаттарын табыстады.
П. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің студенттері Марупов Вамук, Марупов Зулпикар, Алахунов Мехирдин және Римжанов Анайәт өнердегі белсенділігі мен жоғары орындаушылық шеберлігі үшін алғыс хатпен марапатталды.
Жас өнерпаздарымызға шығармашылық табыс пен сәттілік тілейміз!