ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Республика күні мерекесіне орай колледжіміздің ардагер ұстазы Ракишева Каликуль Бейсенбайқызы «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағына ие болды.
Бұл — ұстазымыздың көп жылғы еңбегі мен шығармашылық ізденісінің жоғары бағалануы. Каликуль Бейсенбайқызы еліміздің музыкалық өнеріне елеулі үлес қосып, талай талантты шәкірт тәрбиелеп, кәсіби мамандардың қалыптасуына зор еңбек сіңірді. П. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің ұжымы ардагер ұстазымызды шын жүректен құттықтайды!
 
 
Жаңа жетістіктер, зор денсаулық, шығармашылық шабыт тілейміз!
Еңбегіңіздің жемісі мол, абыройыңыз арта берсін!
Еліміздің мәдениеті мен білім саласына сіңірген еңбегіңіз мәңгі бағаланады!
 
 

Share: