Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған дирижёрлер конкурсының Гала-концерті өтті
Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының Үлкен залында әйгілі композитор, халық қаһарманы Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдық мерейтойына арналған Республикалық дирижёрлер конкурсының Гала-концерті өтті.
Екі күнге созылған байқауға еліміздің түрлі өңірлерінен 23 дирижёр қатысып, олардың арасынан 8 үміткер финалға жолдама алды. Шараның ашылу салтанаты «Отырар сазы» оркестрінің «Менің бабам Қарасай» күйімен басталды.
Байқау нәтижесінде П. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің ПЦК «Халық аспаптары» оқытушылары жоғары нәтиже көрсетті:
•І орын — Ешімхан Нұрғали
•ІІ орын — Сапарбек Әлі
•ІІІ орын — Ракишев Абай
Колледж ұжымы жеңімпаздарды құттықтап, шығармашылық табыс тіледі.