Гитаристер мен баянистер арасындағы алғашқы бөлім аралық конкурс өтті
Гитаристер мен баянистер арасындағы алғашқы бөлім аралық конкурс өтті

Қазан айының 9-шы жұлдызында П. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің Ш. Бейсекова атындағы камералық залында ПЦК «Халық аспаптары» бөлімінің ұйымдастыруымен гитаристер мен баянистер арасындағы алғашқы бөлімаралық конкурс өтті.
Ұйымдастырушылар – бөлім ұстаздары Зарипов Р. және Алпысбаева Г. М.
Конкурстың мақсаты – колледж студенттерінің орындаушылық деңгейі мен техникалық дағдыларын жетілдіру, сондай-ақ білім алушылардың қызығушылығын арттыру.
Әділқазылар алқасы: Сейтханов С. С., Елемес Д., Нарбутаев А.
Жүлделі орын алған студенттер арнайы мақтау қағаздарымен марапатталды.
 
 
 
 
 
 

Share: