Құрметті ұстаздар! Ұстазға тағзым – ұрпаққа өнеге, ұстаз аты – мәңгілік биік!
Құрметті ұстаздар! Ұстазға тағзым – ұрпаққа өнеге, ұстаз аты – мәңгілік биік!

П.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінде 5 қыркүйек – Ұстаздар күніне арналған «Ұстаз аты – биік әрі мәңгілік» атты мерекелік концерт өтті.
 
Мерекелік шарада студенттер ардагер ұстаздарға арналған жыр-өлеңдерін оқып, әсем әндер орындады. Жас оқытушылар шәкірттерімен бірге сахна төрінде өнер көрсетіп, ұстаздарға деген шексіз алғыс пен құрметін білдірді.
 Кеш бағдарламасында колледж хорының орындауындағы әсерлі шығармалар, «Мұңайма» мен «Ұстазым» әндері, сондай-ақ баяншылар ансамблінің шебер орындауындағы «Күй тартыс» көрерменнің ерекше ықыласына бөленді.
 
Құрметті ұстаздар!
Әр шәкірттің жетістігі – Сіздердің еңбектеріңіздің жемісі.
Баршаңызға зор денсаулық, қажымас қайрат, шабыт пен отбасылық бақыт тілейміз! ???? Ұстазға тағзым – ұрпаққа өнеге, ұстаз аты – мәңгілік биік! ✨
 
 
 
 
 

Share: