ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі К.Байсейітова атындағы Қазақ ҰӨУ ұйымдастыруымен 46 музыкалық колледждер арасындағы Республикалық орындаушылар байқауының салтанатты ашылу рәсімі өтті
Бүгін колледжіміздің Ермек Серкебаев атындағы концерт залында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі К.Байсейітова атындағы Қазақ ҰӨУ ұйымдастыруымен 46 музыкалық колледждер арасындағы Республикалық орындаушылар байқауының салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Еліміздің түкпір-түкпірінен келген талантты жастар алдағы 3 күн бойы «Домбыра», «Қобыз», «Прима-қобыз», «Фольклорлы аспаптар», «Фольклорлы ансамблдер» номинациялары бойынша бақтарын сынайтын болады.
Байқауға қатысушы талантты жастарға құттықтау сөзінде колледж директоры, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Хасанғалиев Біржан Ескендірұлы 1979 жылдан бастау алған аталмыш байқау өнер саласындағы талантты жастарды қолдап, кәсіби шеберлігін арттыруда теңдесіз өнер додасы екенін тілге тиек етті.
Салтанатты шараның құрметті қонақтары колледж студенттерінің концерттік бағдарламасын тамашалады.
Концертте колледжіміздің «Үрмелі және ұрмалы аспаптар оркестрі», дирижер - Георгий Тихонов, «Домбырашылар ансамблі» жетекшісі - Д.Раев., «Қоңыр» қыл қобызшылар ансамблі. жетекшісі - А.Асанова., «Жалын» прима-қобызшылар ансамблі жетекшісі Л.Ченемисова өнер көрсетті. барша қатысушыларға өнер бәйгесінде сәттілік тілейміз. ұлттық өнеріміз жасай берсін.