“Халық аспаптары” бөліміне 50 жыл есептік концерті өтті
“Халық аспаптары” бөліміне 50 жыл есептік концерті өтті

Сәуір айының 12 жұлдызында  Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық халық аспаптар оркестрінің ғимаратында колледжіміздің “Халық аспаптары” бөліміне 50 жыл есептік концерті өтті.
Концерт шымылдығын колледж директоры Хасанғалиев Біржан Ескендірұлы ашып, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі А.Балаеваның құттықтауын колледж ұжымына жеткізді.
Концертте бөлімнің даңқты түлектері: ҚР Халық әртісі А.Үлкенбаева, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Б.Ысқақов, ҚР Мәдениет қайраткері М. Әбуғазы, “Арқайым” тобы, А.Жұбанов атындағы студенттік қазақ халық аспаптары оркестрі, “Көшпенділер әуені” фольклорлық ансамблі, “Жерұйық”, “Сазсырнайшылар”, “Жетігеншілер”, “Домбырашылар”, “Қобызшылар”, “Қыл қобызшылар”, “Дослуг” ансамблі, бөлім ұстаздарымен студенттері өнер көрсетті.
 
Бөлімнің 50 жылдық мерейтойына Қазақ Ұлттық өнер университетінің ректоры Жылтыркөзов А.Қ., Жамбыл атындағы Қазақ Мемлекеттік филармониясының директоры Абдуалиев А.Ж., Д.Рақышев атындағы Жетісу облыстық филармониясының директоры Жексенбаев С.Ж., Қаскелен мәдениет колледжінің директоры Ақбасов С.Қ., 83 өнер гимназиясы ұлт аспаптар бөлімінің меңгерушіс Оразалиева Ғ.М. құттықтау адресаттары оқылып сый-сияпаттары табысталды.
 
Жарты ғасырға жуық тарихы бар Ченемисова Лаула Табысбекқызы жетекшілік етіп отырған “Халық аспаптары” бөліміне шәкірт тәрбиелеу жолында шығармашылық толағай табыстар тілейміз.
 

Share: