Алматы қаласы әкімінің “Концерттік оркестрінің” концерті
Алматы қаласы әкімінің “Концерттік оркестрінің” концерті

Сәуір айының 2 жұлдызында колледжіміздің Е.Серкебаев атындағы үлкен концерт залында Алматы қаласы әкімінің «Концерттік оркестрінің» концерті өтті.
Бас дирижер – ҚР Халық әртісі Мұрат Серкебаев.
Солистер – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Жәмилә Баспақова, Халықаралық конкурстардың лауреаттары: Дамир Садуахасов, Олег Татамиров, Диана Самыкен өнер көрсетті.
Концертте тыңдарман қауым назарына халық әндері, классикалық және түрлі жанрдағы танымал шығармалар ұсынылды.
Колледж директоры ҚР еңбек сіңірген қайраткері Б.Е. Хасанғалиев оркестр ұжымына өз ризашылығын білдіріп, шығармашылық толағай табыстар тіледі. Осындай концерттік іс-шаралардың өскелең ұрпақ үшін берері мол екенін тілге тиек етті.
 
 
 

Share: