Республика күніне орай мерекелік концерт өтті
Республика күніне орай мерекелік концерт өтті

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі, Петр Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің ұйымдастыруымен қазан айының 18-і жұлдызында “Глобус” сауда ойын-сауық кешенінде Республика күніне орай мерекелік концерт өтті.
1990 жылы 25 қазанда Республиканың жоғары кеңесі еліміздің тәуелсіз мемелекет ретінде дамуының құқықтық негізін қалаған Декларацияны қабылдады. 
Осы тарихи маңызды қадам арқылы Қазақстан дербестіктің, тәуелсіздіктің алғашқы баспалдағын басты. Сол уақыттан бері мемлекетіміз өтпелі кезеңнің қиыншылықтарына төтеп бере отырып, даму мен өркендеу жолында келеді.
 
Еліміздің басты мерекесі Республика күні құтты болсын! Еліміз аман, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болғай.
 

Share: