Ұстаздар мерекесіне арналған концерт
Ұстаздар мерекесіне арналған концерт

Бүгін колледжіміздің Ермек Серкебаев атындағы концерт залында Ұстаздар мерекесіне арналған мерекелік концерт өтті. 
Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес екі ұғым болса, оның бірі – Ұстаз дейді дана халқымыз. 
Колледж директоры, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Хасанғалиев Б.Е. барша ұстаздар қауымын кәсіби мерекемен құттықтап, бірқатар ардагер ұстаздарымыз Ізтілеуова Гүлсара Таханқызына, Найзабекова Айгүл Әбілбайқызына, Дайрабекова Ирина Болатқызына, Каньшин Анатолий Степановичке, Қожамқұлова Мариям Сералықызына, Ткаченко Яков Матвеевичке, Лебедева Инна Владимировнаға колледжіміздің 90 жылдық мерейтойлық медальдарын табыстады.          
Ұрпақ тәрбиесі – ұстазға байланысты. Ұстазсыз өмірдің нақты тұтқасын ұстау мүмкін емес. Адамды тәрбиелеп, оны азамат атандырудың өзі бір үлкен күш, сондықтан да ұстаз еңбегін – ұлы еңбек деп білеміз.
Мерекелеріңіз құтты болсын құрметті ұстаздар.
 

 

 

Share: