Н.Тілендиев атындағы дирижерлар конкурсы
Н.Тілендиев атындағы дирижерлар конкурсы

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Жамбыл атындағы Қазақ Мемлекеттік филармониясында Нұрғиса Тілендиев атындағы Республикалық дирижерлар конкурсының марапаттау рәсімі өтті.Үш күнге созылған өнер бәйгесінде колледжіміздің Ахмет Жұбанов атындағы студенттік қазақ халық аспаптар оркестрінің дирижеры Бейсеков Ә.С. жүзден жүйрік шығып І-дәрежелі лауреаты, 
Содай-ақ студенттік кіші қазақ халық аспаптар оркестрінің дирижеры Муканова Мируерт байқау дипломанты атанды.
Айта кетерлік жағдай байқауда жүлделі орындарға ие болған Бекболат Әбдіберікұлы, Өмірзақ Мәди колледж түлектері.
Барша жеңімпаздарды шын жүректен құттықтап, шығармашылық толағай табыстар тілейміз.
 

Share: