Құрылтайда Мемлекет басшысы:
Ассамблея сессиясында еліміздің Геральдика белгілерін жетілдіру қажеттігі туралы айтты. Алдымен аймақтар мен қалалардың таңбасын бірыңғай үлгіге келтіру керектігін
Осыған дейін “Ел бірлігі” атты жаңа Мемлекеттік награда әзірлеп, бекітуді тапсырғанын, алдағы Республика күнінде бұл марапат алғаш рет тапсырылатынын,
“Еңбек күніне” орай ең үздік мамандарды мемлекеттік деңгейде ұлықтау керек екенін, бұл қадам қоғамда еңбек культын орнықтыруға жол ашатынын,
“Балалар кітапханасы” атты жаңа бағдарламаны қолға алуды.
Қазақ әдебиетінің түрлі кезеңдерімен жанрларын қамтитын арнайы тізім жасалу керектігін және сол тізім барлық балаға қолжетімді болу керектігін,
“Қазақстанның Халық жазушысы” атағын қайтару туралы, бұл атақ атына заты сай халық сүйген жазушыларға берілу керектігін,
Кино саласын реформалау керектігін,
“Жеріміздің шетелдіктерге сатылып жатыр” деген жалған ақпарат екендігін,
Қатон-Қарағай, Марқакөл және Мақаншы аудандарын қалпына келтіру туралы
Елімізді өркендету үшін ауыл мектептерінің жай-күйін жақсартуды қолға алу керектігін
Басшылық құрамды жаңарту жұмыстары жалғасын табатындығын тілге тиек етті.