“Қазақстан балаларынан Түркия балаларына” қайырымдылық концерті

Мамыр айының 1-жұлдызында Абай атындағы Қазақ Ұлттық опера және балет театрында Петр Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжі, Селезнев атындағы хореография училищесімен бірлесе Түріксой қамқорлығымен Түркиядағы жер сілкінісі кезінде зардап шеккендерге көмек ретінде ұйымдастырылған “Қазақстан балаларынан - Түркия балаларына” атты қайырымдылық концерті өтті.
 
Концертте:
Колледжіміздің “Дәстүрлі ән салу” ПЦК оқытушылары: Есбол Шаңбаев, Үміт Сатарова, Әйгерім Әпенова, Жұлдыз Ысқақ., сонымен қатар Шевченко Богдан, Бейсеков Алихан, саксофонистер квинтеті, баянистер дуэті, Бақытжан Жантұрғанов өнер көрсетті.
 
Концерттің өтуіне мұрындық болған Түріксой ұйымымен Абай атындағы Қазақ Ұлттық опера және балет театрына үлкен алғысымызды білдіреміз.
 
 

Share: