Петр Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің 90 жылдығына арналған “Сазген сазы” фольклорлық-этнографиялық ансамблінің концерті
Петр Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің 90 жылдығына арналған “Сазген сазы” фольклорлық-этнографиялық ансамблінің концерті

Бүгін Петр Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің Ермек Серкебаев атындағы үлкен концерт залында колледжіміздің 90 жылдығына арналған “Сазген сазы” фольклорлық-этнографиялық ансамблінің концерті өтті. Академик Ахмет Жұбанов “Халық аспаптарының ішектерінде ғасырлар бойындағы даналық тұнып тұр” деп бекер айтпаса керек. “Сазген сазы” ансамблінің бір ерекшелігі, әр музыканттың бірнеше аспапты шебер меңгеруінде жатыр.Концертте халық әндері, халық композиторларының әндерімен күйлері, тыңдарман қауымның жүрегіне жол тартты. Ансамбль директоры ҚР еңбек сіңірген қайраткері Бағдат Тілегенов колледжіміздің 90 жылдық мерейтойымен құттықтап, қазақи дәстүр бойынша колледж директоры Хасанғалиев Біржан Ескендірұлының иығына шапан жапты.
 
Ұлттық өнеріміз жасай берсін!
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Share: