Бітіруші түлектерге диплом тапсыру салтанатты жиыны
Бітіруші түлектерге диплом тапсыру салтанатты жиыны

Бүгін Петр Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің Ермек Серкебаев атындағы концерт залында 2022 жылғы бітіруші түлектерге диплом тапсыру салтанатты жиыны өтті.

Құттықтау сөз және үздік диплом иегерлеріне колледж директоры, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Хасанғалиев Б.Е. дипломдарын табыстап, болашақ өнер жолдарына шығармашылық табыс, сәттілік тіледі.

"Музыка теориясы", "Үрмелі, ұрмалы және ішекті аспаптар", "Эстрадалық аспаптар", "Дыбыс операторлық шеберлігі" ПЦК бітіруші түлектеріне директордың ОжОӘЖ жөніндегі орынбасары, Мәдениет саласының үздігі Балпанова Г.С. табыстаса, "Халық аспаптары" ПЦК түлектеріне директордың тәрбие және шығармашылық ісі жөніндегі орынбасары Рахымбаева Г.Б. табыстады.

"Фортепиано", "Орыс халық аспаптары", "Хорда дирижерлау", "Дәстүрлі ән салу" ПЦК студенттеріне директордың ОӘБ жөніндегі орынбасары, Мәдениет саласының үздігі Мукушева Г.К. табыстады.

"Академиялық ән салу", "Эстрадалық ән салу" ПЦК түлектеріне Құрманғазы атындағы ҚҰК, "Вокалдық өнер" кафедрасының меңгерушісі, Мәдениет саласының үздігі Бекназарова Танагүл Кайкенқызы табыстады.

Сонымен қатар бітіруші түлектер мен ата-аналар атынан колледж ұжымына ізгі тілектер айтылып, ұстаздар қауымына алғыстарын жеткізді.

 

Құрметті  бітіруші түлектер!

Бүгін үлкен өмірге қадам басқалы отырсыздар.

Сіздерді шын жүректен айтулы күндеріңізбен құттықтаймыз.

Әрдайым жолдарыңыз ашық, мақсаттарыңыз айқын болсын.

Share: