
Музыка есть сокровищница, в которую всякая национальность вносит своё, на общую пользу.
Большой талант требует большого трудолюбия.
Вдохновение — это такая гостья, которая не любит посещать ленивых.
Красота в музыке состоит не в нагромождении эффектов и гармонических курьезов, а в простоте и естественности.
16.12.2021
«Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институтында
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған қажырлы еңбектің арқасында жетістікке жеткен тұлғалардың «Қажырлы еңбек – табыс кілті» атты электронды флаерлер әзірлеу жобасының жеңімпаздары марапатталды.
Петр Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің "Қазақ халық аспаптары" ПЦК оқытушылары Рақышева Қ.Б., Ақбаева А.Ә., сондай-ақ саналы ғұмырын білім беру ісіне арнаған ұлағатты ұстаз биылғы жылы тағдырдың жазымымен бақиға аттанған Асқаров Ш.А., жоба жеңімпаздары атанды.
Аталмыш жоба мемлекеттік идеологиялық саясаттың бір бөлігі болып табылатын, халықты еңбекке баулу, адал қызмет етуге ұмтылу, ұрпаққа өнеге ретінде үздіксіз білім беруге және өзін-өзі дамытуға шақыру құндылықтарын кеңінен ел ішінде дәріптеуге арналған.
⠀
Жобаның басты мақсаты Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығында әр салада қажырлы еңбектің арқасында жетістікке жеткен адамдардың тәжірибесін, еңбекқорлық құндылықтары мен ұдайы өзін-өзі жетілдіру идеясын тарату арқылы еңбекке деген сүйіспеншілікті насихаттау болып табылады.
⠀
Жобаға білім беру, ғылым, медицина, мәдениет, ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп еңбек салалары бойынша қажырлы еңбектің арқасында көрнекті жетістікке жеткен тұлғалар қатысып, тұлғалардың жетістіктері насихатталды.
Жоба жеңімпаздары атанған әріптестерімізді шын жүректен құттықтай отырып, шығармашылық табыстар тілейміз.
Если Вы желаете профессионально играть на различных музыкальных инструментах, получить фундаментальные знания по музыкально-теоретическим и специальным дисциплинам, познать основы педагогического мастерства и реализовать свой творческий потенциал, то Алматинский музыкальный колледж имени П.Чайковского приглашает Вас вступить в ряды своих студентов!
Все права защищены ©2021 Music-college.kz