«Жалпы Білім Беру» пәндік-циклдік комиссиясының тарихы

Белсенді шығармашылық іс-әрекетке қабілетті интеллектуалды дамыған, құзыретті мамандарды дайындауда «Жалпы білім беру» ПЦК маңызды рөл атқарады. Бөлім жастардың ойлау жүйесін қалыптастыруға, дүниетанымының кеңдігі, толеранттылық, отансүйгіштік, жоғары азаматтық сияқты қазіргі қоғамда өмірлік маңызды қасиеттерді тәрбиелеуге ықпал етуімен ерекше.

П.И.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінде келесі қоғамдық пәндер оқытылады: Қазақстан тарихы, Дүниежүзі тарихы, Әдебиет, Философия, Мәдениеттану, Өзін-өзі тану, Математика, Информатика, Алғашқы әскери дайындық, Дене шынықтыру. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауын жүзеге асыру аясында студенттердің 3 тілді: қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгеруіне көп көңіл бөлінуде. Француз тілі 2021-2022 оқу жылынан бастап екінші шет тілі ретінде оқытылады.

Бөлімде тәжірибесі мол оқытушылар да, жас мамандар да жұмыс істейді. Барлығы -19 мұғалім, оның ішінде 9 мұғалім жоғары санатты, 3 – екінші, 1 – мұғалім-модератор

 

 

 

Толығырақ

Share: