"Көшпенділер әуені" ашылу салтанаты

Бүгін Петр Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінде Қ.Р. Мәдениет және спорт министрлігі, Нұрсултан Назарбаев  қоры және «Nomad Life Өмірді сақтандыру компаниясы» Акционерлік қоғамының қолдауымен «Көшпенділер әуені»  V Республикалық ұлт аспаптарда орындаушылар байқауының ашылу салтанаты Ермек Серкебаев атындағы  үлкен концерттік залында өтті.
 «Көшпенділер әуені» Республикалық байқауының  ең басты бағыттары: ұрпақтан – ұрпаққа, атадан – балаға мирас болып келе жатқан киелі қобызымыз бен домбырамызды келешек ұрпаққа насихаттау мақсатында атқарылып жатқан керемет жоба. Ұлттық өнерімізге жанашыр азаматтардың қолдауымен 2017 жылдан аталмыш сайыс өз жолын бастаған болатын.
Ал, Бүгінгі  күнде Қазақстанның музыкалық қоғамдастығында үлкен резонанс тудырған «Көшпенділер әуені»  байқауының өрісі кеңейіп,  нағыз өнер мерекесіне айналғанын сеніммен айта аламыз!
V-і рет өткізіліп отырған мерейлі байқауымыз ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. Сондықтан бүгінгі  өз түндігін түргелі отырған өнер бәйгесі еліміздің маңызды, әрі басты мерекесіне арналады.
«Көшпенділер әуені»  V Республикалық  байқауын  байқаудың бас демеушісі, өмірді сақтандыруда ірі компаниялардың бірі, «Nomad Life» Акционерлік қоғамының басқарма төрағасының орынбасары – Шалғынбаев Мәди Әділханұлына және Петр Чайковский атындағы Алматы музыкалык колледжінің директоры, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері Хасанғалиев Біржан Ескендірұлы ашып қатысушыларға сәттілік тіледі.
Биылғы  байқауымыз 3 номинация бойынша өткізіледі. «Құрманғазы» домбыра аспабы, «Қорқыт» қобыз аспабы, «Фатима Балғаева»  прима-қобыз аспабы бойынша өткізілмек.
Байқауға қатысушы жастарға осынау өнер бәйгесінде тек ғана сәттілік тілейміз.


@msm.govrk
@nazarbayevfoundation
@nomadlife.kz_official
@birjan_khassangaliev
@tchaikovsky_college_khabarda

Share: