Ұстаздар күніне арналған салтанатты концерт өтті
Ұстаздар күніне арналған салтанатты концерт өтті

Петр Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінде Ұстаздар күніне арналған салтанатты мерекелік концерт өтті.
 
Мерекелік шара барысында білім беру мен мәдениет саласына елеулі үлес қосып жүрген колледж оқытушылары марапатталды. Ұстаздарға төсбелгілер, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Құрмет» грамоталары мен алғыс хаттары, Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі директорының және колледж әкімшілігінің алғыс хаттары табысталды.
 
Салтанатты шараның концерттік бағдарламасында колледж оқытушылары мен студенттері өнер көрсетіп, ұстаздарға деген құрмет пен ризашылықтарын шығармашылық қойылымдар арқылы жеткізді.
 
Мерекелік концерт ұстаз еңбегінің қоғамдағы маңызын айшықтап, ұлағатты мамандарға деген ыстық ықылас пен құрметтің жарқын көрінісіне айналды.
 
Колледж ұжымы барша ұстаздарды кәсіби мерекелерімен құттықтап, зор денсаулық, шығармашылық шабыт, еңбектеріне толағай табыс және жаңа жетістіктер тілейді!
 
 
 
 

 

Share: