Құрметті оқытушылар мен студенттер!
Құрметті оқытушылар мен студенттер!

Өздеріңіз білетіндей, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев елімізде коронавирустық инфекцияға қарсы мәжбүрлі шара ретінде төтенше жағдай режимін енгізді.
16 наурыздан бастап біздің колледжіміз коронавирустың әлемдік пандемия қауіп- қатерін ескере отырып, Қашықтықтан оқытуға көшеді. Бұл дегеніміз, карантинге қарамастан, оқу процесі сабақ кестеге сәйкес жалғасады. Оған бізде техникалық мүмкіндіктер бар. Оқытушылар әр түрлі коммуникация құралдарды, яғни – әлеуметтік желілерді, ватсапты, скайпты пайдалана отырып студенттермен хабарласуы тиіс. Сондай- ақ қашықтық форматта бақылау жүйесі жұмыс істейтін болады.Онлайн-оқыту режимі педагогтар мен студенттерден үлкен жауапкершілікті талап етеді. Педагог үшін-бұл тікелей функционалдық міндеттері мен оқытушылық борыштарын орындау, ал, студенттер үшін- кәсіби білім алу. Біздің ауызбіршілігімізбен жауапкершілігіміздің арқасында уақытша қиындақтарды бірге жеңеміз деп сенемін!
Барлығыңызға сәттілік тілеймін, байланыста болыңыздар!

Share: