Мереке аясында «Дәстүрлі ән салу» бөлімі студенттері дайындаған театрландырылған қойылым сахналанып, «Қазақ халық аспаптары», «Үрмелі және ұрмалы аспаптары» бөлімдері мен «Алатау» жастар хорының орындауында Мұқан Төлебаевтың «Біржан-Сара» операсынан «Мерекелік би» көрерменге ұсынылды.
Кеш «Шаттық» биімен жалғасып, домбырашылар ансамблі Темірбектің «Төкпесі» күйін орындады. Сонымен қатар, үрмелі және ұрмалы аспаптар оркестрі Александр Гурьяновтың «Құдаша дикси» шығармасын ұсынды.
Сондай-ақ, «Дәстүрлі ән салу» бөлімінің 4 курс студенті Шернияз Шұғыла «Қазағым менің» әнін орындап, көрерменге ерекше әсер сыйлады.
Мерекеге арнайы құрметті қонақтар қатысты.
Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!