Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында дәріс оқыды
Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында дәріс оқыды

2021 жылдың 22 қазанында Алматы қаласы әлеуметтік даму басқармасының «Мониторинг және талдау орталығы» Петр Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжі студенттеріне діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша дәріс өткізді. Кездесуде Алматы қаласының ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ аға оқытушысы, философия ғылымдарының кандидаты Кантарбаева Жанна Уринбасаровна баяндама жасады. Сарапшы «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында дәріс оқыды.
Тыңдаушыларға деструктивті діни ағымдардың айырмашылығы, экстремистік және террористік ұйымдарға қабылдаудың психологиялық әдістері туралы айтылды. Баяндамашы сонымен қатар қоғамдық қауіпсіздікті сақтау мен мемлекеттің өркендеуі үшін конфессия аралық келісімнің маңыздылығын атап өтті.
Іс -шара барысында қатысушылар өз сұрақтарына жауап алды. Аталмыш шара өз деңгейінде өтті, тыңдаушылардың көңілінен шықты деуге болады.

 

22 октября  2021 года «Центром  мониторинга и анализа» была проведена лекция   по профилактике религиозного экстремизма и терроризма среди студентов Алматинского музыкального колледжа имени Петра Чайковского.

На встрече выступила член информационно-разъяснительной группы города Алматы, старший преподаватель КазНУ им. Аль-Фараби, кандидат философских наук Кантарбаева Ж.У.
Студенты с вниманием прослушали лекцию и по окончании смогли получить ответы на интересующие их вопросы.

 

 

Share: