Құрметті үміткерлер!
Петр Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжі» РМКК белгіленген тәртіпке сәйкес бос лауазым орындарына конкурс жариялайды (бос лауазымдар тізімі қосымша 1-ге сәйкес көрсетілген).
Конкурсты ұйымдастыру кезеңдері:
1.Үміткерлерден құжаттарды қабылдау 2025 жылғы 19 тамыздан бастап 2025 жылғы 26 тамызға дейін қағаз түрінде немесе электронды пошта арқылы келесі мекенжай бойынша жүргізіледі: Манас көшесі, 13 немесе muzcollege@mail.ru.
2.Ұсынылған құжаттар Типтік біліктілік сипаттамаларында бекітілген біліктілік талаптарына сәйкестігіне қарай қаралады.
3.Конкурс комиссиясының қорытынды отырысы және үміткерлердің құжаттарын қарау нәтижесі бойынша шешім қабылдау 2025 жылғы 27 тамызда өтеді.
Барлық мүдделі тұлғалар конкурсқа қатысуға шақырылады.
Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:
1. қоса берілген құжаттар тізімі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтініш (3-қосымшаға сәйкес);
2. жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі немесе цифрлық құжаттар сервисінен электронды құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін);
3. лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білім туралы құжаттардың көшірмесі, Типтік біліктілік сипаттамаларға сәйкес;
4. еңбек қызметін растайтын құжат көшірмесі (бар болған жағдайда);
5. ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 тіркелген);
6. психикалық және мінез-құлықтық бұзылыстары бар науқастарда диспансерлік есептің жоқтығы туралы анықтама;
7. наркологиялық есепте тұратын адамдар бойынша диспансерлік бақылаудың жоқтығы туралы анықтама;
8. сертификат (немесе бар болған жағдайда біліктілік санатын растайтын куәлік);
9.ағылшын тілі пәнінің мұғалімі лауазымына үміткерлер үшін: пән бойынша сертификаттау нәтижелері немесе педагог-модератор, педагог-эксперт, педагог-зерттеуші, педагог-шебер біліктілік санаттарының бірі туралы куәлік (бар болған жағдайда) немесе CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass және жоғары; IELTS – 6.5 балл; немесе TOEFL (internet Based Test (iBT)) – 60–65 балл сертификаттары (бар болған жағдайда);
10. Соттылығы жоқ туралы анықтама;
11. бос немесе уақытша бос педагог лауазымына үміткердің Бағалау парағы (12, 13-қосымшаларға сәйкес);
12. жұмыс (педагог лауазымында) немесе оқу орнынан берілген ұсыныс хаты.
Анықтама үшін байланыс телефоны:
Нұрсейтова Гүлзира Айтбаевна – 8 (707) 476 97 69