Колледжіміздің даңқты түлегі Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдық мерейтойына арналған “Дара тұлға-Нұрғиса” атты концерті өтті
Сәуір айының 28 жұлдызында колледжімізде қазақтың біртуар композиторы, күйші, дирижер, КСРО және Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, халық қаһарманы, колледжіміздің даңқты түлегі Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдық мерейтойына арналған “Дара тұлға-Нұрғиса” атты концерті өтті.
Концертте А.Жұбанов атындағы студенттік қазақ халық аспаптары оркестірі дирижер-Ә.Бейсеков., Абай атындағы ҚҰОБТ солисті - Б.Абитов., сондай-ақ колледж студенттерінің орындауында даңқты композитордың шығармалары көрермен қауымға жол тартты.
Нұрғиса Атабайұлы қазақ сазының сайыпқыраны, музыканың Махамбеті.
Бүгінгі концертте саналы ғұмырын өнерге арнаған тума таланттың әрбір шығармасы тыңдаған көрерменінің жүрек пернесін дөп басып, керемет көңіл-күй сыйлады деп білеміз.