ҚР еңбек сіңірген қайраткері Хасанғалиев Біржан Ескендірұлының бастамасымен колледжіміздің камералық залына Қазақстанның халық әртісі, Қазақ операсының ұлы тұлғасы, колледжіміздің даңқты түлегі Шабал Бейсекованың (1919-1997) есімі берілді

Бүгін колледж директоры, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Хасанғалиев Біржан Ескендірұлының бастамасымен колледжіміздің камералық залына Қазақстанның халық әртісі, Қазақ операсының ұлы тұлғасы, колледжіміздің даңқты түлегі Шабал Бейсекованың (1919-1997) есімі берілді. 
 
Салтанатты шараға өнер иесінің қызы “Фортепиано” пәндік-циклдік комиссия оқытушысы Кенжетаева Баян Каукенқызы да қатысты.
 
Колледж директоры Хасанғалиев Біржан Ескендірұлы құттықтау сөзінде даңқты өнер иесінің рухы болашақ өнер жұлдыздарын демеп жүретініне сенім білдіріп, ол кісінің есімімен аталатын колледжіміздің камералық залынан ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері мен Халық әртістерінің шығатынына тілек білдірді.
 
Share: