«Музыкант-орындаушыны дайындау кезінде практикалық сабақтарды ұйымдастыру және өткізуді жетілдіру» тақырыбында семинар өтті
«Музыкант-орындаушыны дайындау кезінде практикалық сабақтарды ұйымдастыру және өткізуді жетілдіру» тақырыбында семинар өтті

​Маусым айының 24 жұлдызында Петр Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінде «Музыкант-орындаушыны дайындау кезінде практикалық сабақтарды ұйымдастыру және өткізуді жетілдіру» тақырыбында семинар өтті
Семинарға қатысушылар колледж оқытушылары мен концертмейстерлері болды.
Семинар жұмысының мақсаты: музыкант-орындаушыларды даярлауда жұмыстың жаңа, белсенді формалары мен әдістерін практикалық сабақтарда қолдану және енгізу бойынша тәжірибе алмасуы, сонымен қатар оқытушылардың эмпатиясын, оқу үдерісіне барлық қатысушылардың белсенді әрекеттесу қабілетін және қарым-қатынас мәдениетін дамыту болып табылады;
Семинар көрсетілген тақырыпқа толығымен сәйкес келеді. Семинарды ұйымдастырушылардың алға қойған мақсаты орындалды.
Аталған семинар орындаушы музыканттарды дайындау барысындағы тәжірибелік сабақтарда студенттермен жұмыс істеудің ең жақсы нәтижелерімен, пайдалы ақпаратпен алмасу мүмкіндігі болып табылады. 
Тыңдалған баяндамалардың нәтижелері бойынша жинақталған тәжірибенің практикалық маңыздылығы, оның өзектілігі, алған білімдерін өмірде және кәсіби қызметте пайдалануға дайындығы туралы көптеген оң пікірлер айтылды.
 
 

 

Share: